Қарағандылық үш кәсіпорын «Алтын сапа» беделді сыйлығына ие болды

Қарағандылық үш кәсіпорын «Алтын сапа» беделді сыйлығына ие болды

Нұр-Сұлтанда «Алтын сапа» Президенттік сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл байқау 15-ші рет өткізіледі. Қарағандылық үш кәсіпорын беделді марапатқа ие болды.

«Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясында «Maker (Мэйкер)» ЖШС жеңіске жетті. Қарағанды құю-машина жасау зауытына биыл 80 жыл толды. Бүгінде бұл елдегі ауыр машина жасаудың флагманы. Жаңғыртудан кейін зауыт еңбек өнімділігі бойынша ең озат зауыттардың біріне айналды. Кәсіпорынның ауқымы үлкен. Бұл байыту фабрикаларына, тау-кен өнеркәсібіне, мұнай кәсіпшілігіне, теміржол көлігіне, энергетикаға арналған жабдық.

«Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясының лауреаты «ТехноГруппСервис» ЖШС болды. Компания күн станцияларын салады және пайдаланады. Жабдықты жобалау мен жеткізуден бастап енгізу мен қызмет көрсетуге дейін «толық аяқталған» шешімдерді ұсынады. Компания Жезқазған өңіріндегі қуаты 10 МВт күн электр станциясы сияқты «жасыл» энергетиканың маңызды жобасын іске асыруға қатысты.

«Үздік индустриялық жоба» номинациясында «YDD Coproration» ЖШС Қарағанды ферроқорытпа зауыты сыйлыққа ие болды.  Кәсіпорын жоғары сапалы ферросилиций өндіреді. Бұл жаңа инновациялық жабдықтары бар заманауи автоматтандырылған зауыт. Оның өнімдері әлемнің 40-қа жуық еліне экспортталады.

Биыл «Алтын сапа» байқауына қазақстандық компаниялардан 160-тан астам өтінім келіп түсті. Қарағанды облысынан марапатқа 11 кәсіпорын үміткер болды.