
Нұр-Сұлтанда өткен «Жастар кубогі – 2021» турнирінде Нұра ауданының Көбетей ауылының футболшылар командасы жеңіске жетті. Спорттық іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.

Футбол жанкүйерлерінің ашық турнирі екі ай бойы Нұр-Сұлтанда өтті. Оған елорда мен оның маңынан 20-ға жуық команда қатысты. Нұра ауданы Көбетей ауылының команда ойыншылары да өз күштерін сынауға бел буды. Әр демалыс сайын олар Нұр-Сұлтан ойындарына барып, финалға шықты.

– Біздің командада жеті ойыншы бар, біз бәріміз бала кезімізден футболмен айналысамыз. Қазір бәрі кетіп қалды, біреу елордада, кейбіреулері көрші ауылдарда тұрады, ал мен туған ауылда қалдым. Мұнда мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін. Бірақ біз әркез кездесіп, бірге жаттығамыз. Турнир туралы білгенде, қатысуға шешім қабылдадық. Финалда елордалық «Орталық» командасын жеңіп, бірінші орынға ие болды. Бұл біздің тұрақты жаттығуларымыздың нәтижесі, – деді команда қатысушысы Райымбек Мухамединов.
Жеңімпаздар дипломдармен және спорттық велосипедтермен марапатталды.