
Қарағанды облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.
Осакаров ауданы
Осакаров ауданында Қарғалы өзеніндегі мұз кептелісінің алдын алу мақсатында жарылыс жұмыстары жүргізілді, шара барысында 426 кг жарылғыш заттар пайдаланылды.
Бұқар-Жырау ауданы
Садовое ауылында Самарқанд су қоймасынан жоғары мөлшерде су жіберілуіне байланысты елді мекенде су тасқынының алдын алу шаралары кешені жүргізілуде.
Жергілікті жерде қорғаныс үйінділерін нығайту бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Қазіргі уақытта су сорылып, бөгет нығайтылуда. Ағынды судан сақтану жұмыстары барысында 2800 қап инертті материал төселіп, 16380 текше метр су сорылды. Оқиға орнында Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелерінің, Ұлттық гвардияның №52859 әскери бөлімінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды. Жағдайдың тұрақты мониторингі жүзеге асырылуда. Ауыл тұрғындары қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттандырылды. Адамдарды эвакуациялау жүргізілген жоқ. Елді мекеннің тыныс-тіршілігі қалыпты жағдайда сақталып отыр.
Шет ауданы
Шет ауданында Шерубайнура өзенінің арнасында орналасқан Красная поляна ауылында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде. ТЖД бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың күштерімен қорғаныс үйінділерін нығайту, қаптарды төсеу, инертті материалдарды себу жұмыстары жүргізілуде. Су басқан үйлер жоқ.
Жаңаарқа ауданы
Жаңаарқа ауданына қарасты Ералиев ауылдық округінің 189 разъезінде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Айналып өту арнасын жайластыру, қорғаныс үйінділерін биіктету, қаптарды салу бойынша жұмыстар жүргізілді. Аталмыш жұмыстарды орындауға Жезқазған өңірінің ТЖД бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылған. Елді мекенге еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде еріген қар суының көлемі ұлғаюына байланысты судың қарқынды жүруі жалғасуда.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі