Саран қаласының «Үміт» домбырашылар ансамблі Чехияда өткен байқауда Гран-При ұтты

Саран қаласының «Үміт» домбырашылар ансамблі Чехияда өткен байқауда Гран-При ұтты

Саран қаласы өнер мектебінің оқушылары «Пражские шедевры» атты халықаралық көп жанрлы байқаудың жеңімпаздары атанды. Өнер сайысы 21-26 наурыз аралығында Чехия астанасында өтті.

Байқауға көптеген елдердің өкілдері қатысты. Саран қаласының Балалар өнер мектебінің қазақ халық аспаптар бөлімінің оқушылары көрермендерді жарқын өнерімен қуантты. Нәтижесінде, «аспаптық музыка» номинациясы бойынша «Үміт» домбырашылар ансамблі Гран-при және 400 евро ақшалай сыйлығын иеленді. Балалар конкурста қазақ халқының «Келіншек» күйі мен Сүгірдің «Бес жорға» шығармасын орындады.
Ұлы күйші Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» және «Сары-Арқа» күйлерін тамаша орындаған солистер да назардан тыс қалған жоқ. Манас Алиев, Анна Шевченко және Кристина Осуховская байқауда бірінші орындарды иеленді.
«Үміт» домбырашылар ансамблінің құрамында 9-12 жас аралығындағы сегіз қатысушы бар. Ұжымды тамаша педагогтар, домбыра сыныбы бойынша оқытушылар - ерлі-зайыпты Қабиден Хамитұлы мен Гүлмира Сардарқызы Әбжатовтар басқарады

- Олар тек өз ісінің кәсіпқойлары ғана емес, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдермен жұмыс жасаудың қызықты әдістерін әрдайым ойлап табатын шығармашылық тұлғалар. Олардың оқушылары – қалалық және халықаралық байқаулардың тұрақты қатысушылары мен жеңімпаздары. Кезекті жеңіс – бұл ансамбльдің барлық қатысушыларының қажырлы еңбегінің нәтижесі. Сондай - ақ, шығармашылық бастамаларды қолдағаны үшін мектеп директоры Зәуреш Алтынбекқызы Қожуховаға алғыс айтқым келеді, - дейді Саран қаласының Балалар өнер мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Светлана Салова.