
Қарағандыда бір терезе қағидаты бойынша көші-қон қызметі орталығы құрылып, жұмыс істейді. Орталықтың міндеттері – Қазақстан аумағына келген шетелдіктерге мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, әкімшілік кедергілерді төмендету, жұмыс істеу үшін көшіп келушілерге қолайлы жағдай жасау және рұқсат беру мерзімін 5 күннен бір сағатқа дейін қысқарту.
Енді иммигранттарға басқа мемлекеттік органдар мен коммерциялық ұйымдарға, оның ішінде салық органдарына, банк мекемелеріне, сақтандыру компанияларына және т.б. барудың қажеті жоқ.
Қазіргі уақытта еңбекші-мигранттарды заңдастыру бойынша кең ауқымды жұмыс ретке келтіріліп, бір жолға қойылған.
Екі айда 8 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың қатарында – ҚР-да уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу, еңбек иммигранттарына рұқсат беру және оның мерзімін ұзарту және басқалары бойынша барлығы 18 қызмет түрі көрсетілген.
«Азаматтарға арналған үкімет» арқылы келесі қызметтерді алуға болады:
1. Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ҚР-нан шығу және ҚР-на кіру құқығы бар виза беру, оны қалпына келтіру немесе ұзарту;
2. ҚР азаматының паспортына 16 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайда, ол туралы жазба жазу;
3. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге азаматтығы жоқ адамның куәлігін және тұруға ықтиярхат беру;
4. ҚР азаматтарына паспорттар мен жеке куәліктер беру;
5. Уақытша жеке куәлік беру;
6. ҚР халқының тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
7. ҚР халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару;
8. Мекенжай анықтамаларын беру;
9. ҚР визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу;
Көші-қон қызметі орталығы арқылы көрсетілетін қызметтер:
10. ҚР шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу;
11. ҚР азаматтығын қабылдау және шығуды тіркеу;
12. ҚР босқын мәртебесін беру және ұзарту;
13. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғаларды уақытша тіркеу;
14. Босқынның жол жүру құжатын беру;
15. Еңбек иммигранттарына рұқсаттар беру және ұзарту;
16. Кедендік аумаққа кіруге рұқсаттама беру;
17. Уақытша келген шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін құру;
18. Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат беру және тіркеу.
Қарағанды облысы ЖП баспасөз қызметі