Қарағанды облысында «қарапайым заттар экономикасы» атты аймақтық жобалау кеңсесі іске қосылды. Ол аймақтық Кәсіпкерлер палатасының базасында құрылған. Кеңсе басым жобаларды жеңілдетілген пайызпен несиелеу бағдарламасының жұмысын мониторингтен өткізуді көздейді.
Оның құрамына кәсіпкерлік басқармасының, өнеркәсіп және индустриялық - инновациялық даму басқармасының, ауыл шаруашылығы басқармасының және «Даму» КДҚ АҚ өкілдері кірді.
Кеңсе жұмысының негізгі бағыты басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесу, кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру және кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау болып табылады.
- Бастапқы қайта өңдеу өнімдерінен бастап дайын өнім өндіруге дейінгі өндірістік циклдің барлық кезеңдерін дамытуға ерекше назар аударылатын болады. Мамандар сондай-ақ кәсіпорындардың диагностикасын анықтап, жергілікті атқарушы органдармен бірге құжаттама, кепілдендіруді қамтамасыз ету, өткізу нарықтарын іздестіру саласында туындайтын проблемалық мәселелерді шешетін болады, - деп түсіндіреді аймақтық жобалау кеңсесінің төрағасы Ернар Күлпеисов.
Оның айтуынша, жобалау кеңсесі бизнес жобаларын бизнес-жоспарды әзірлеу сатысынан қаржыландыруға дейін сүйемелдеу, жобалардың тұрақты мониторингін жүзеге асыру, банктер несиелендіруден бас тартудың себептерін анықтау, оларды қолдау бойынша жаңа тетіктерді ұсынады.
- Жобалық кеңсенің түсіндіру кездесулері апта сайын кәсіпкерлер палатасында өтеді, - деді Ернар Күлпеисов.
Басым жобаларды жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасының жұмысын мониторингілеу бойынша жобалық кеңсе Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 29, 3-қабат, 316 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан. Байланыс нөмірлері: 8 (7212) 50-64-16, ішкі. +3515, электрондық мекен-жайы: a.momynbekov@atameken.kz ескерту.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Үкіметі «қарапайым заттар» экономикасын қаржыландыруға 600 млрд теңге бөлді. Жеңілдікті несиелер жеңіл, тамақ, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі және АӨК саласындағы жобаларға беріледі. Бағдарлама 2025 жылға қарай 365 тауар түрі бойынша өндірісті 2,4 есеге ұлғайтуға, сондай-ақ импорт үлесін 37%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Қарағанды облысы бойынша «Атамекен» КП ақпараты бойынша