Қарағандылықтар дзюдодан Азия және Океания чемпионатының жүлдегерлері атанды

Қарағандылықтар дзюдодан Азия және Океания чемпионатының жүлдегерлері атанды

Қарағандылық үш спортшы дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия және Океания чемпионатында медаль жеңіп алды. Құрлықтық біріншілік Ливан астанасы Бейрутта өтті.

Жасөспірімдер арасындағы жарысқа 137 атлет, ал жастар арасындағы жарысқа 127 спортшы қатысты. Чемпионатқа әлемнің 17 елінен дзюдошылар жиналды.

Ә. Молдағұлова атындағы ОМОРМИК бірінші курс екі студенті өздерін өте жақсы көрсетті. Диана Телбаева жасөспірімдер арасында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль иегері атанды, ал Ханзада Қайратова жастар арасында үшінші орын алды (с/к – 57 келі).

2004–2005 ж. т. ұлдар мен қыздар арасындағы чемпионаттың күмісін Сәтпаев қаласының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушісі Нұрайлым Сәрсенбек жеңіп алды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша