Қарағандылық оқушылар «үздік олимпиадалық команда» атанды

Қарағандылық оқушылар «үздік олимпиадалық команда» атанды

15-30 наурыз аралығында Ақтөбе және Қызылордада республикалық мектеп олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. Білім додасына бүкіл Қазақстаннан 9-11 сыныптардан 1432 оқушы қатысты.
Оқушылар жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 15 пән бойынша жарысты.
Олимпиадада Қарағанды облысының командасы 17 медаль жеңіп алды: 5 алтын, 4 күміс және 8 қола. Жалпы командалық есепте біздің оқушылар ІІІ орынға ие болып, «Үздік олимпиадалық команда-2019» атағына ие болды.
Білім инновация лицейінің онбірінші сынып оқушылары, Туымед және Менделеев Халықаралық олимпиадаларының жеңімпазы Олжас Нүрпейісов (Қарағанды қ.) және Денис Романов (Жезқазған қ.) үшінші жыл қатарынан республикалық олимпиадада 1-ші орынды иеленіп келеді.