Кәсіпкер Нұра ауданының аз қамтылған тұрғындарына 50 келі картоп таратты

Кәсіпкер Нұра ауданының аз қамтылған тұрғындарына 50 келі картоп таратты

«Шахтерское» ЖШС басшысы Георгий Прокоп Нұра ауданының 150 отбасына 50 келілен картоп таратты. Қайырымдылық акциясы тұрмысы төмен, жалғызбасты тұрғындарға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға бағытталған.

«Картоп алушылардың тізімі ауданның ең мұқтаж тұрғындарынан құралған. Оған аз қамтылған отбасылар мен мүгедектігі бар адамдар кірді. Біз Георгий Прокопқа бастама үшін өте ризамыз. Ол өзінің игі істерімен жас кәсіпкерлерге үлгі болып отыр», – деп атап өтті Нұра ауданының әкімдігінде.

Кәсіпкерге көмек алушылар да риза. Олардың айтуынша шаруа қожалығының басшысы оларды бірінші рет қолдап отырған жоқ.

– Георгий Прокоп бізге үнемі көмектеседі. Өткен жылы ол картоп таратып, азық-түлік жиынтығына көмектесті. Мен екінші топтағы мүгедекпін. Біз жұбайыммен бірге тұрамыз. Бұл біз үшін үлкен көмек, – деді аудан тұрғыны Аманжол Кенжетаев.