Қарағанды облысындағы геологиялық барлау жұмыстары

Қарағанды облысындағы геологиялық барлау жұмыстары

Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтпаев қалалары мен Ұлытау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешендің жоспарына сай
2012 – 2020 жылдарға өңіріміздің 13 учаскілерінде құрамында мыс бар кен орындарын іздестіру жұмыстары жүргізілуде. 8 учаскіде іздестіру жұмыстары аяқталды.
Жезқазған кен орнының аумағында геологиялық барлау жұмыстарын «Қазақмыс» корпорациясы жүргізеді.
Қазгеология Ұлттық компаниясы «Rio Tinto» (Ұлыбритания), «ULMUS FUND» (Германия), «YILDIRIM GROUP» (Түркия), «Ghadir Mines Exploration & Industries Co» (Иран) халықаралық компанияларының қатысуымен геологиялық барлау жұмыстарын бастады. Аталмыш жұмыстар аяқталған соң барлық қорлар мемлекеттік балансқа тіркелетін болады.
Осы іс-шараларды өткізу өңір өнеркәсібінің дамуына және жұмыс орындарын құруға жаңа серпін береді, бұл біздің өңіріміздің және жалпы республиканың экономикалық өсуіне ықпал етеді.


Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ақпараты бойынша