Мердігерлер жолдардағы ақауларды мамырға дейін жоюлары тиіс

Мердігерлер жолдардағы ақауларды мамырға дейін жоюлары тиіс

Қарағандыда мердігерлер өз есебінен 15 жолды қалыпқа келтіреді. Барлық ақаулар мамырға дейін жойылуы тиіс.
- Қарағандылықтардың жол нашарлығына қатысты барлық наразылықтары орынды, - деді қала әкімі Нұрлан Әубәкіров Қарағандыдағы жолдарды аралау барысында. – Барлық ақаулар жойылады. Мердігер компанияларда кепілдік міндеттемелер бар. Сол құжаттарға сай мердігерлер өз есебінен олқылықтарының орнын толтыруылары тиіс. Әзірге ол жұмыстарды бастауға ауар райының қолайсыздығы кедергі болып тұр. Сондықтан уақытша шаралар қолдану керек – ойықтар мен шұңқырларды қолда бар материалдармен бітеп, уақытша өткелдер ұйымдастыру қажет. Ал күн жылыған бетте жөндеу жұмыстарына кірісу керек. Мамырға дейін барлық кепілдік жұмыстар жасалуы тиіс.
Қала әкімінің айтуынша, қазір Қарағандыда 152 жол кепілдендірлген мерзімде. Олардың 15де ақаулар, дәлірек айтар болсақ, шұңқырлар, жарықтар пайда болды және жол жабындысының жоғарғы қабаты мүлдем бұзылған. Мердігерлердің айтуынша, мұндай жағдай сапасыз битумға байланысты туындаған. Мердігер ұйымдардың өкілдері қала әкімін барлық ақаулар жойылатынына уәде берді.
Нұрлан Әубәкіров сондай-ақ биылғы жылы Қарағандыда 17 жол мен 25 өтпелі жол жөнделетінін айтты. Сондай-ақ үлкен жолдарда бұрын басталған жұмыстар аяқталады. Атап айтқанда, Құрылысшылар даңғылындағы екі жылдық жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс.
- Су құбырлары, жылу желілерінің бір бөлігі ауыстырылды. Қазір нөсер кәріз жүйесі салынуда. Ал ауа райы жылыған бетте жұмысшылар асфальтбетонды, жолжиектерді ауыстырып, техникалық жаяу жүргіншілер жолын жасап, жарықтандыру орната бастайды. Жұмыстар осы жылы аяқталуы тиіс. Жаздың соңына қарай ең жақсы жолдардың бірі осы Құрылысшылар даңғылында болады, - деп түсіндірді Нұрлан Әубәкіров.
Сондай-ақ, қала әкімі Майқұдықтағы К. Маркс және Магнитогорская көшелеріндегі жолдың бір бөлігін жөндеу туралы жоспарларымен бөлісті. Бұл жолдарда шұңқырларды бітеу жұмыстарымен ғана шектеліп қоюға мүмкін емес, сондықтан жаяу жүргіншілер жолдары, су ағарн кәріздері, жарықтандыру және жол қиылысы жүйелерін жаңартуды қарастыратын жөндеу жұмыстарының жобасы құрылды. Аталмыш жұмыстар биылғы жылы басталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 2019 жылы 7 магистральға ағымдағы жөндеу жүргізлуі тиіс.
- Сондай-ақ, кепілді емес, жоспарлы жөндеуге түспеген жолдар да бар. Мысалы, Сити молл бұрылысында, сондай-ақ Ермеков көшесінің қиылысында 45 орамдағы үлкен шұңқырлар уақытша кеспе тастармен бітелді. Кейін осы жолдарда біз ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Бұқар жырау даңғылының жол өтпесінен 16-шы дүкенге дейінгі учаскесі жоспар бойынша биыл жөндеуден өтеді. Бұхар жырау даңғылында көлік кептелістерін құрмау үшін біртіндеп жасайтын боламыз. Кепілдік жөндеу жүргізілген барлық жолдарда мердігер компаниялар туралы ақпарат көрсетілген стендтер қою керек. Қала тұрғындары осы жол учаскесінің сапасына жауап беретін нақты ұйымды білсін, - деді қала әкімі.