Қарағанды музыкалық комедия театры DosStar фестиваліне шақырады

Қарағанды музыкалық комедия театры DosStar фестиваліне шақырады

17–22 желтоқсан аралығында Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры DosStar оперетта мен мюзиклдің Х ашық фестивалін өткізеді. Облыс орталығына Ресей, Әзірбайжан, Украина және Қазақстан мемлекеттерінің жетекші әртістері келеді.

Фестиваль Қызыл залда «Заманауи би кеші» қойылымымен ашылады. Сахнада Челябинск Заманауи би театрының әртістері өнер көрсетеді. Бағдарлама екі бөлімге бөлінген – «Ойыншылар» және «Мені екі рет сүй».

Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында екі күн бойы – 18 және 19 желтоқсанда – Владимир Баскиннің «Призрак замка Кентервиль» мюзиклінің премьерасы өтеді. Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының әртістері әсерлі оқиғаны «айтып береді». Қойылым режиссері-«Алтын маска» сыйлығының лауреаты Сусанна Цирюк (Санкт-Петербург қ.).

Шымкент опера және балет театры 21 желтоқсанда көрермендер назарына «Домалақ ана» операсын ұсынады. Бұл ҚР Тұңғыш Президентінің Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы жаңа спектакль. Қасиетті Домалақ ана туралы әңгіме – аңыз емес, тарихи ақиқат. Қойылымға Қазақстанның әлемге әйгілі шеберлері қатысты. Идея авторы – ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы. Қоюшы режиссер – Беларусь Үлкен театрының бас режиссері Михаил Панджавидзе.

Фестиваль аясында 20 желтоқсан күні сағат 16:00-де Украинаның еңбек сіңірген әртісі Элеонора Джуликтің «Магия оперетты и мюзикла» мастер-классы өтеді.

Музыкалық мереке 22 желтоқсанда үлкен гала-концертпен аяқталады. Оған халықаралық деңгейдегі солистер: Әзірбайжанның еңбек сіңірген әртісі Фарид Алиев, Украинаның еңбек сіңірген әртісі Элеонора Джулик, халықаралық конкурстардың лауреаттары Иван Корытов пен Тамара Котова (Санкт-Петербург қ.), Петр Челяли (Киев қ.), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Салтанат Ахметова (Нұр-Сұлтан қ.) және Амантай Ибраев, сондай-ақ Қарағанды музыка комедиясы театрының жетекші солистері қатысады.