
Қарағандыда «Жас қанат - 2019» жас орындаушылар және шоу бағдарламаларының жүргізушілері облыстық байқауы басталды. Шара 2 және 3 сәуірде Кеншілер мәдениет сарайында өтеді. Биылғы жылы өнер додасы Қазақстанда жарияланған Жастар жылына арналады.
Байқауға Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет, Ұлытау аудандары және Балқаш, Саран, Терімтау, Шахтинск және Қарағанды қалаларынан 37 орындаушылар мен 12 жүргізушілер қатысады. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары Қарағанды облысының намысын республикалық додада қорғайтын болады. Ол елордада сәуір айында өтеді.
«Жас қанат - 2019» екі кезеңнен құралады. Жеңімпаздарды марапаттау және гала-концерт 3 сәуірде 18.00 болады
Гала-концертке әнші, композитор, "I'm a singer Kazakhstan" телевизиялық жобасының жеңімпазы Роман Ким, "Славян базары" Халықаралық конкурсының лауреаты Адам-Дәурен Оразбеков, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты Полина Штыкова, Думан Баймагамбетов және «TOP BAND» тобы, «Үш жүз» тобы, Ресей мен Қазақстанның алдыңғы қатарлы Халықаралық конкурстарының жеңімпазы, шоумен Марат Оспанов, "Жас қанат-2017" облыстық байқауының жеңімпазы, шоумэн Жасо Сланбеков қатысады.