
Қарағанды өңірінде су тасқыны жағдайы тұрақтанды. Облыс өзендерінде су деңгейінің айтарлықтай төмендеуі байқалады.
Сондай-ақ негізгі су қоймаларындағы ағындар мен төгінділер төмендеді.
Қазіргі уақытта су тасқыны құбылыстары облыстың 3 ауданында (Бұқар жырау, Абай, Нұра аудандары) сақталып отыр.
Соңғы бір тәулік ішінде 121 133 текше метр көлемінде су сору жұмыстары жүргізілді, 80 м қорғау үйінділері салынды, 15780 дана қаптар төселді, 7210 тонна инертті материал себілді.
Самарқанд су қоймасынан су ағызудың көлемі 385 м3/с дейін азаюына байланысты Садовое ауылындағы қорғаныс үйіндісінің арғы жағындағы су деңгейі 30-40 сантиметрге төмендеді. 4 мотопомпамен келетін еріген сулардың кеңгейін инертті материалдарды себу және қаптармен нығайту жалғасуда.
Көлік қатынасы жаңартылып, Республикалық маңызы бар автожолдар учаскелерінде су жүру тоқтады.
Су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі