Қарағанды облысында «Жолда қабылдау» мобильді акциясы өтеді

Қарағанды облысында «Жолда қабылдау» мобильді акциясы өтеді

5 және 6 сәуірде Қарағанды облысында полицейлер «Жолда қабылдау» мобильді акциясын өткізеді. Халық көп шоғырланатын жерлерде арнайы жабдықталған автобустарда әкімшілік полиция, жергілікті және миграциялық қызметтердің басшылығы азаматтарды қабылдау жүргізеді.
Тұрғындар полиция қызметкерлерінің әрекеттері, әкімшілік айыппұлдар туралы, полиция көрсететін мемлекеттік қызметтер жайлы сауалдарын қоя алады.
Облыстың қалалары мен аудан орталықтарында 16 мобильді қабылдау пункттері қызмет ететін болады. Ол жерлерде келушілер келушілер сондай-ақ тіркеу-емтихан бөлімшелерінің, жол-техникалық қадағалау және әкімшілік тәжірибе бастықтарына сұрақ қоя алады.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев барлық облыстарда халықпен кері байланысты қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Мобильді қабылдау орындары келесі мекенжайлар бойынша орналасады:

- Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Кеншілер мәдениет сарайы, Бұқар жырау даңғ., 32 үй;

- Қарағанды қ., Октябрь ауданы «Молодёжный» МҮ, 21 ықшам ауданы, 27/1 үй;

- Теміртау қ., «Аян Пассаж» СҮ аумағы, Тәуелсіздік к-сі, 24 үй;

- Теміртау қ., «Экспресс» базарының аумағы, Республика даңғылы, 20 үй;

- Шахтинск қ., Мәдениет сарайы, Абай даңғылы, 48 үй;

- Саран қ., Мәдениет сарайы, Жамбыл к-сі, 69А үйі;

- Жезқазған қ., «Астана» СҮ аумағы, Алашахан к-сі, 24 үй;

- Сәтпаев қ., «Сулпак» дүкенінің аумағы, Сәтпаев даңғылы, 122 үй;

- Балқаш қ., Мәдениет сарайы, Ленин к-сі, 43 үй;

- Қаражал қ., ХҚКО, Абай к-сі, 3 үй;

- Абай ауданы, ХҚКО, Абай к-сі, 56 үй;

- Бұқар жырау ауданы, МҮ алаңы, Қазыбек би к-сі;

- Қарқаралы ауданы, Мәдениет сарайы, Әубәкіров к-сі, 33 үй;

- Шет ауданы, ХҚКО, Жәнібеков к-сі, 23 үй;

- Осакаров ауданы, ХҚКО, Пристанционная к-сі, 13 үй;

- Жаңаарқа ауданы, ХҚКО, Тәуелсіздік к-сі, 23 үй.

 

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша