
4 сәуірден бастап Құрылысшылар даңғылы бойындағы жолдың бір бөлігі жабылады. Мұнда кәріз ауыстыру, Сатыбалдин көшесінен Шахтерлер даңғылына дейінгі бөлігінде шарбақтарды бұзу жұмыстары жүргізіледі.
Жолдың Приканальная көшесінен Мұқанов көшесіне дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстары 2018 жылы басталды. Қалыпқа келтіру шаралары барысында коммуникацияларды ауыстыру және қорғау, жарықшам бағаналарын ауыстыру, шарбақ қоршауларын орнату, қауіпсіздік аралшығын жасау, аялдама павильондарын ауыстыру, жаңа бағдаршамдар мен жол белгілерін орнату, техникалық және жаяу жүргіншілер жолдарын салу, ҰТМА (ЩМА) асфальт бетонды жабын төсеу қарастырылады.
Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары 2019 жылдың 30 қазанында аяқталуы тиіс.