Жаңа дәстүр: Қарағандыда түлектер саябағы пайда болады

Жаңа дәстүр: Қарағандыда түлектер саябағы пайда болады

Жаңа дәстүр құруды жас қарағандылықтар ұсынды. Түлектер мектеп бітіру құрметіне туған қалалары мен ауылдарында ағаш отырғызатын болады. Бұл идея Қарағанды облысы әкімі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысында айтылды.

ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанты Карина Байсейітова аймақ басшысы Ерлан Қошановқа "Өз ағашыңды отырғыз" жобасы туралы баяндады.
- Әрбір қарағандылық қаланы көгалдандыруға өз үлесін қоссын. Мұндай іс - шараға барлық оқу орындарын тарту керек, - деді Карина Байсейітова. - Әрбір студент таза, жайлы және әсем Қарағандыны құруға шағын қадам жасай алады. Біз жоғары оқу орындары мен колледждер арасында челледжді іске қосуды ұсынамыз. Жастар келесі шарттарды орындаулары тиіс: ағаш отырғызып, оны суретке түсіру және инстаграм парақшасына #посадисвоедеревокараганда хэштегімен оналастыруы тиіс. Сонымен қатар эстафетаны достарына беруі шарт.
Карина сондай-ақ, ІІМ Қарағанды академиясының 50 жылдық мерейтойына орай курсанттар мен түлектер 20 шырша отырғызғанын айтты.
Облыс әкімі бұл бастаманы қолдады.
- Бұл жыл сайынғы игі дәстүрге айналатынына сенімдімін, - деп жауап берді Ерлан Қошанов. - Мен қала және аудан әкімдеріне түлектер паркін ұйымдастыру және онда ағаш отырғызу үшін жағдай жасау үшін учаскелер бөлуді тапсырамын. Бюджетте көгалдандыруға ақша қарастырылған.
Сонымен қатар, аймақ басшысы көшеттерді отырғызу жеткіліксіз екенін еске салды.
- Оларға күтім жасап, суғару керек. Сондықтан егер ағаш отырғызсаңыз, онда оған барып және оны күту қажет.