Қарағанды облысында 2018 жылы 7,5 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді

Қарағанды облысында 2018 жылы 7,5 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарылату бойынша жиналыс өткізді.
- Адамдар қазетті қызметті барынша жедел және сапалы алулары үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Ең басты көрсеткіш – халықтың қанағаттануы болып табылады, - деп атап өтті аймақ басшысы.
Бүгінгі таңда мемлекеттік реестрде 709 қызмет бар, оның ішінде 201 қызмет түрлерін жергілікті атқарушы органдар көрсетеді. Жиналыста мәлімделгендей, 2018 жылы облыс тұрғындары 7,5 млн мемлекеттік қызмет түрлеріне жүгінген. Өткен жылмен салыстырғанда, оның көлемі 31,5% өскен. Оның ішінде электронды түрде көрсетілген қызмет санының үлесі артқан.
Қазіргі уақытта жергілікті атқару органдары көрсететін мемлекеттік қызмет түрлерінің 60% автоматтандырылған: 201-дің 119-ы. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сай, биылғы жылы көрсеткіштерді 80%-ға дейін жоғарылату қажет.
Облыс әкімі қол астындағы қызметкерлерден жүйелі жұмыс пен мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін әрдайым арттырып отыруды талап етті. Ол аймақтарды аралап, ондағы мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешуге көмектесетін жұмыс тобын құруды тапсырды.