
Жексенбі, 7 сәуірде Қарағандыда бірінші экологиялық акция – плоггинг өтеді. Шараны Қарағанды Медициналық университетінің студенттері ұйымдастырған. Акция Халықаралық денсаулық күніне арналады.
- Барлық ниет білдірушілер акцияға қатыса алады. Жас мөлшері немесе басқа да өлшемшарттар бойынша ешқандай шектеу жоқ. Плоггинг – эол салауатты өмір салты мен экологияны қорғаудың гибриді деуге болады. Дәлірек айтар болсақ, акцияға қатысушылар орталық саябақта жүгіреді және қоқыс жинайды. Қатысушыларға біз қолғаптап мен қоқысқа арналған қаптар алуды өтінеміз, - дейді акция ұйымдастырушысы, ҚМУ студенті Ескендір Афизов.
Алғашқы акцияны орталық саябақта өткізу туралы шешім қабылданған. Келешекте ұйымдастырушылар жүзіру шараларын қаланың басқа да аудандарында ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Плоггингтің басты шарттары:
- жүгіруге өзімен бірге қоқыс қабын ала келу.
- жол бойы оның ішіне көзге түскен қоқысты жинау.
- жинаған қоқысты суретке түсіріп, #ploggingKaraganda хэштегімен әлеуметтік желілерге орналастыру. Мұндай қадам акцияға барынша көбірек халықты жұмылдыру үшін қажет.
Акция 7 сәуір 11.00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді. Қатысушылар басты сахнаның маңына жиналады.
Барлық сұрақтарыңызбен келесі телефон нөміріне хабарласуларыңызға болады: 87752090350 (Ескендір).