
Қарағандыда Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған бокстан дәстүрлі халықаралық турнир өтеді. Жарыс 37-ші рет өтеді және биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.
Алты күн бойы – 17–22 желтоқсан аралығында Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында атақты спортшылар өнер көрсетеді. Рингке Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Монғолия мемлекеттерінен, Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан ең мықты боксшылар шығады.
Ashyq бойынша кіру тегін.
Жауынгерлік кесте және қосымша ақпарат facebook.com/karsportpress, instagram.com/karsportregion парақшаларында.