
Қарағандыда Жастар жылында жастарға арналған денсаулық сақтау саласында жоба жүзеге асырылуда. Желтоқсан айында облыстық жастар денсаулық орталығын ашу жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиналыс барысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлім етті.
- Орталықта салалық мамандар, психологтар қабылдау жүргізетін болады. Сонымен қатар тәулік бойы call-орталық жұмыс істейді. Жоба облыстық бюджеттен қаржыландырылады, - деді Ержан Нұрлыбаев.
Орталықтың есігі кез келген жас адам үшін ашық болады.
Қарағанды облысында жастар қатары қалың. Өңіріміздің әрбір бесінші тұрғыны жас адамдар. Бүгінде облыста 291 мың жас өмір сүреді.