Қарағанды облысының аудандарында латын графикасына көшу бойынша тренингтер өтуде

Қарағанды облысының аудандарында латын графикасына көшу бойынша тренингтер өтуде

Қарағанды облысының тұрғындары үшін латын графикасына көшу тақырыбында тренингтер өтізілуде. 2019 жылы бұл дәрістерге аймақтың 13 қаласы мен аудандарынан 3000-нан астам адам қатыса алады деп жоспарлануда.
Тренингті Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Үш байлық» ҚБ бірлесіп ұйымдастырады. Жұмыс тобы осы күнге дейін Қарқаралы, Бұқар Жырау, Нұра және Осакаров аудандарында болып қайтты.
Аталмыш дәрістерде модератор ретінде "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының кеңесшісі Оразкүл Асанғазы сөз сөйледі. Ол қатысушыларға жаңа кестеге кезең-кезеңмен көшу, артықшылықтар, әліппе ережелері жобасы туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.
«ICoder» ЖШС өкілі Рымбек Ізғали жаңа әліппені зерттеу үшін қандай IT-жобалар мен компьютерлік бағдарламалар жасалғанын айтып берді. Тренинг қатысушылары қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі туралы барлық ақпарат жинақталған «Qazlatyn.kz» ұлттық порталмен танысты, «Qazaqlatyn» көпатқарымды конвертері, тілді машинамен оқытуға арналған «Tilqural.kz» веб-сервисімен, барлық салалық сөздіктер мен энциклопедиялар жиналған «Sozdikqor.kz» платформасымен, балаларға да, ересектерге де жаңа әліпбиді тиімді түрде оқуға септігін тигізетн «Jasyryn sóz», «Sózdi tap», «ILES», «Zerek bala», «Sóz álemi» секілді ойындар түрінде құрылған бес мобильді қосымшалармен танысты.
Тілдерді дамыту басқармасы жанындағы ресурстық Тіл орталығының директоры Гүлназ Мұстағұлова тәжірибелік сабақ өткізді. Қатысушылар орфографиялық, орфоэпиялық ережелерді есте сақтауға тырысты және ерекшелік сөздерді жазып алып отырды.
Оқытудың келесі кезеңін сәуір және мамыр айларында өткізу жоспарлануда.
Қарағанды облысында жаңа әліпбиді енгізу үшін белсенді жұмыс ұйымдастырылды. WhatsApp көмегімен апта сайын «Аудиодиктант жазамыз» акциясы өткізіледі. Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің әр сенбі нөмірінде «Jańǵyrý jazýdan bastalady» айдарында мақалалар жариялайды. Бұл алыс елді мекендердің тұрғындарына жаңа әліпбиді өз бетімен үйренуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, облыс тұрғындары «Бүгінгі ой», «Латын-караоке», «Латын субтитр», «Мақалды жалғастыр» акцияларын белсенді түрде қолдайды.
Ресурстық орталық барлық меншік нысанындағы мекемелерден келіп түскен өтінімдер негізінде жоспарлы және жоспардан тыс тренингтер өткізеді. Бұл тренингтерге жыл басынан бастап 2 мыңнан астам адам қатысты.