
Бүгін облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиналыс барысында азық-түлік тауарларының бағасы талқыланды. Биыл қырыққабат бағасы - 70.7 %-ға артты. Бұл аймағымызда қырыққабат қоры аяқталып, қазір оны Өзбекстаннан алып келумен байланысты дейді мамандар.
Алдағы уақытта бағаның өсуіне жол бермеу үшін биылғы жылы 100 гектар жерге қырыққабат отырғызылмақ. Бұл аталмыш көкөніс өнімділігін 14 мың тоннадан 20 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Басқа көкөністер мен бакалея өнімдерінің бағасы тұрақтандыру қорындағы қорлар есебінен реттеледі. Сол жерден өнімдер әлеуметтік павильондардың сөрелеріне түседі. Қазір қорда 1198 тонна картоп, 50 тонна сәбіз және қызылша, 68 тонна қарақұмық, күріш пен қант бар. Қосымша 136 тонна қант және 50 мың литр күнбағыс майы сатып алынады.
Келесі жылы Қарағандыда Көгілдір тоған ықшам ауданында ірі сауда орталығы салынады деп жоспарлануда. Ол 27 гектар жерді алады. Мұнда 130 000-ға жуық азық-түлік өнімдері өндіріледі, сатып алынады және сатылатын болады.