Қарағанды облыстық өлкетану мұражайы «Сүйікті қалаға сый» акциясын өткізеді

Қарағанды облыстық өлкетану мұражайы «Сүйікті қалаға сый» акциясын өткізеді

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Сүйікті қалаға сый» акциясын өткізеді. Шара ғарышкерлер күніне орайластырылды.
Акция облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорларын жаңа жәдігерлермен және раритеттермен толықтыруға көмектеседі. Мұражай басшылығы шараға қатысуға барлық тілек білдірушілерді шақырады. Мұражай «ғарыш» тақырыбы бойынша коллекциялық жәдігерлер - маркалар, пошталық конверттер, белгілер және басқа да заттарды сыйға алады.
Акцияның ашылу күні, 9 сәуірде. Мұражайда бұл күні «Ғарыш: уақыт кеңістігіне саяхат» тақырыптық көрме-инсталляциясы ашылады.
Басталуы сағат 12.00.
Акция туралы толық ақпаратты келесі нөмірлер бойынша білуге болады: 30-11-36, 56-45-63, 56-58-89.