
Нұр-Сұлтан қаласында Солтүстік кубогына өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионат өткізді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жарыста Қарағанды командасы үшінші орынға ие болды.

Чемпионатқа жеті команда қатысты. Бағдарлама екі санаттан тұрды: оқу мұнарасының төртінші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілер жолағынан өту.

Қарағандылықтар жақсы дайындықтарын көрсетті. Азаматтық қорғау сержанты Павел Пшеничный шабуыл сатысымен көтерілуден екінші орын алды. Күміс жүлдегер 1-МӨСБ өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде қызмет етеді.
Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша