Беделді сарапшылар қарағандылық мемлекеттік қызметкерлерді халықпен өзара байланыс отрнатуға үйретеді

Беделді сарапшылар қарағандылық мемлекеттік қызметкерлерді халықпен өзара байланыс отрнатуға үйретеді

Қарағандыда «Қоғамдық сананы жаңғырту. Рухани жангыру» бағдарламасын жүзеге асыру үшін кадрларды қарқынды даярлау бойынша үш үндік семинар тренинг өтуде.
Семинардың мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша халықпен өзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлерді дайындау. Оларды коммуникация тәсілдеріне, медиаторлық қағидаттарға және басқаларына үйретеді. Тренингтерді танымал және беделді сарапшылар өткізеді.
Қарағанды облысы осындай семинар ұйымдастырып отырған үшінші өңір. Осыған дейін тренерлер Алматы және Түркістан облыстарында болып қайтқан. Ұйымдастырушылардың айтуынша, біздің өңірде тренинге 150-ден астам адам жиналды. Қатысушылар үш топқа бөлінді: басшылар, мамандар және сарапшылар, сондай-ақ БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті қызметкерлер.
- Осындай семинарлар екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Олардың мақсаты мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметкерлердің "Рухани жаңғыру" бойынша дұрыс месседждерді қалай жеткізуге үйренуі болып табылады, - дейді "АЛЬРЕСМИ" өңірлік БАҚ Альянасының президенті Ержан Сейтқазинов.
Үш күн ішінде сарапшылар қарағандылық мемлекеттік қызметшілерді халықпен сауатты және тиімді өзара іс-қимыл жасауға үйретеді. Спикерлер қатарында фасилитация бойынша жаттықтырушы Анна Пацюк, мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының басшысы Ерлан Әбіл, белгілі бизнес-жаттықтырушы Қайсар Мақан және жобалар мен командаларды басқару бойынша жаттықтырушы Зарина Бүлембаева.
– Біз бүгін өте қызықты құрал - фасилитация әдісін талқыладық. Атап айтқанда, партисипативті фасилитация. Оның мағынасы өте қарапайым. Бұл әдіс талқылау және шешім қабылдау үшін барлық мүдделі тараптардың жұмылдырылуын қарастырады. Мысалы, ол қажетті ақпаратқа ие адамдар, жобаны іске асыратын адамдар. Фасилитация әдісі әлемде шамамен 60 жыл бойы қолданылып келеді. Егжей-тегжейлі ойластырылып құрылған тәсіл. Ол мемлекет пен қоғам диалогын құру құралы ретінде құрылды, - деп түсіндірді фасилитация бойынша жаттықтырушы Анна Пацюк.
Семинарды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырды.