Қарағанды университетінің командасы қазақша күрестен республикалық жарыста жеңіске жетті

Қарағанды университетінің командасы қазақша күрестен республикалық жарыста жеңіске жетті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Buketov University – 2021» қазақша күрес бойынша республикалық жарыстарда КарУ командасы жеңіске жетті. Қарағанды жоғары оқу орнының дене шынықтыру және спорт факультетінің залында жүлделі орындар үшін еліміздің 14 жоғары оқу орнының жеті салмақ дәрежесінде 63 спортшы күресті.

Күрес күртеше мен белбеуден қармау, шалу, аяқпен қағу, жамбастан тастау тәсілдерімен керемет және жарқын болды.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спортшылары қарағандылықтардан жеңіліп, тұғырдың екінші сатысына көтерілді. 

Үшінші орынды ҚР ТЖ министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясы (Көкшетау қ.) және Қарағанды техникалық университеті өзара бөлісті.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 700 мың теңгені құрады. Жеңімпаз командалар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.