Келесі аптада ағымдағы жол жөндеу жұмыстары басталады

Келесі аптада ағымдағы жол жөндеу жұмыстары басталады

Ағымдағы жол жөндеу жұмыстарына қарағандылық мердігерлер келесі аптадан бастап кіріседі. Алдымен олар асфальттарда пайда болған жырақтарға мастика құюдан бастайды. Соңыра, ауа райы оңалған бетте шұңқырлы жөндеу жұмыстарын атқаратын болады.
Жолдар кепілдемеге сай, мердігерлер есебінен жөнделеді. Жалпы есепьегенде қаламызда 1500 шаршы метр асфальт қалыпқа келтірілуі тиіс.
Қалалық және областық бюджет есебінен қалыпқа елтірілетін жолдарға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жасау сәл кешірек басталады. Биылғы жылы Карл Маркс және Магнитогорская көшелерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оны толықтай қалпына келтіру жоспарланып отыр – мұнда оң жаққа шығатын құлама жолдар, техникалық және жаяу жүргіншілер жолдары пайда болады
Попов көшесі мен Жетінші магистральдағы жөндеу жұмыстарына келер болсақ, оларға келесі жылы кірісу жоспарланып отыр.
- Қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, осы жолдарды жөндеуге мемлекеттік сараптама дайын. Бірақ биыл жөндеу жұмыстарын жүргізбейміз. Келесі жылы. Қала айналасындағы Солтүстік-Шығыс айналма жолы дайын болған кезде, барлық жүк тасымалдайтын үлкен көліктер сол жолға ауысқан соң біз Попов көшесі мен Жетінші магистральді жөндеуге кірісе аламыз. Жөндеу жұмыстарын одан ерте бастаудың мәні жоқ – көптонналы жүк көліктері жаңадан төселген асфальтты қайта қиратып тастайды. Себебі, бұл қалалық жолдар және олар осындай жүктемеге шақталмаған, - деді Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы 18 орамаралық жолдарды: Октябрь ауданында -12 және Қазыбек би атындағы ауданда алты жолды жөндеу жоспарланған.