
Қарағанды қаласының Октябрь ауданында қоқыс жинауға арналған алаңшалардың орнын ауыстыру жоспарлануда. Контейнерлерге арналған жаңа орындарды жел тармақтарын ескере отырып таңдау көзделіп отыр.
- Бірінші кезекте, алаңдарды ауыстыру кезінде біз адамдарға қаншалықты ыңғайлы болатынын ескеретін боламыз. Мысалы, 14-ші шағын ауданда контейнерлік алаңдардың біріне жету үшін қозғалысы қарқынды жолдан өтуге тура келеді. Ал қоқысты көбінесе балалар шығарады. Жолдан өтпеу үшін бұл алаңды жолдың қарама - қарсы жағына көшіреміз, - деп түсіндірді Октябрь ауданының әкімі Мейрам Қожухов.
Ол сондай-ақ жаңа орынды таңдағанда жел бағыты да ескерілетінін айтты.
Жақын арада қоқыс шығарумен айналысатын «Ресайклинг» және «ГорКомТранс» компаниялары контейнерлік алаңдарды абаттандырумен айналысады. Оларды қоршап, контейнерлерді жөндеп, айналасы шалшық су мен балшық болмауы үшін жолдар салынуы тиіс.
Сондай-ақ қоқыс жинауға арналған контейнерлер гараж массивтерінде де орнатылады.