
2019 жылғы 09 сәуірде ел Президенті 2019 жылғы 09 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауы туралы жария етіп, халыққа үндеу жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев дұрыс айтты: «Халқымыз - біртұтас. Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығы ретінде мемлекетіміздің іргесі мығым»... Жәнеде ол солай қалуы тиіс.
Ал біз болсақ бүгінгі таңда бізге өз ой-пікірімізді, өз қалауымызды білдіруге – мемлекетіміздің басшысын таңдауга мүмкіндік бергенін нақты түсінуіміз керек. Қазақстан егемендігінің, Көптеген жылдар бойы біздің барлығымыз - Елбасы бастаған халқымыз құрған және бүгінде барлығымыз мақтан тұтатын қазақстандық тәуелсіздіктің мәні осында.
Қазір еліміз өзгеріс табалдырығында тұр. Біз қабылдаған шешімге болашағымыз, балаларымыздың болашағы байланысты екенін түсінуіміз керек. Себебі Қазақстан бейбітшілік пен төзімділікті ұстана алмаған жақын көршілерімізге жақындай отырып, қисық жолмен жүрмеуі керек. Біздің халқымыз – Ұлы даланың балалары, ғасырлар бойы ата-бабаларымыз тәрбиелеп, бойымызға сіңдіріп кеткен даналықты, барлық жақсы қасиеттерді көрсетуіміз қажет.
Соның нәтижесі ретінде… «Қазақстан - демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады»...
«Шахтинск қаласының №1 гимназиясы» КММ информатика пәнінің мұғалімі Фалежинский С.А.
Пікірі