
Тәуелсіздіктің 28 жылы ішінде Қазақстан әлемге өзін әлеуеті зор және болашағы кемел, экономикасы тұрақты және табысты саяси бағыты бар ел ретінде танытты. Біз әлемнің басқа дамушы елдерімен қатар қадам басып келеміз, үлкен қалалар тұрғызудамыз. Осыған байланысты Қазақстанды дамыту бойынша үлкен жоспарлар жастарға жүктеледі. Жастар - болашақ қоғамның иелері. Біз қазір мемлекетіміздің жан-жақты дамуының жаңа кезеңінде тұрмыз. Еліміздің дамуына өз үлесін қосу, Отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық құндылықтарды құрметтеу – әрқайсымыздың борышымыз.
Қазақстан жастары Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу туралы бастаманы қолдайды. Сайлау – әркім өз елі үшін маңызды нәрсе жасай алатын сәт. Әрине, "Менсіз де дауыс беріледі!" деп айта салуға болады. Алайда бұл бөгде адамның ұстанымы. Мен жеке өзімнің белсенді ұстанымым бар. Менің ойымша, сайлауға қатысу – әрбір азаматтың парызы. Тәуелсіздіктің жиырма сегіз жылы аралығында біздің мемлекетіміз өте көп жетістіктерге жетті. Алдағы жетістіктерге қолтжеткізу әрқайсымызға байланысты. Дауыс бере отырып, біз ұлтымыздың тұтастығын көрсетеміз. Қазақстан халқы өзінің тарихи таңдауын жасауы тиіс!
Ежелгі қыпшақтарда «Өзіңе тәуелді болған, қолыңнан келген нәрселердің бәрін жаса, сонда өкінбейсің!» деген тілек болған.
«Біз Шахтинскіденбіз» еріктілер командасы