
Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде сағат 10:00-де "Вираж" ЖШС автосалоны маңындағы Құрылысшылар даңғылының Шахтерлер даңғылынан Приканальная көшесіне қарай өтетін автомобиль жолының бір бөлігі жабылады. Құрылысшылар даңғылындағы автомобиль жолын күрделі жөндеу шеңберінде бұл аумақта кәріз желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметі