Қарағандылық оқушылар «ақылды» тұрақ идеяларын ұсынды

Қарағандылық оқушылар «ақылды» тұрақ идеяларын ұсынды

Қарағанды қаласында алғаш рет «ақылды» қала тақырыбында мектепаралық хакатон өткізілді. Ұйымдастырушылар балалар мен жасөспірімдерге «ақылды» көлік тұрағы туралы ой тастауды ұсынды. Қатысушылар IT-технологияларды меңгеруі деңгейлерін көрсетті. Оқушылар бейнероликтер, мультфильмдер, тұсаукесерлер және компьютерлік ойындар жасады.
- «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Қарағанды қаласының білім бөлімі «Шаг» компьютерлік академиясымен бірлесіп I оқышулар хакатонын және бағдарламалау бойынша "ITeens-2019"олимпиадасын ұйымдастырды. Қазір «ақылды» қала тақырыбы өте өзекті. Біз «ақылды» тұрақ нақты бағытын таңдадық. Шараға қаланың 25 ұйымынан 9-15 жас аралығындағы 140 бала қатысты. Мемлекеттік мектептер мен жеке меншік мекемелердің оқушылары жарысты, - деді Қалалық білім бөлімінің әдіскері Айнагүл Исаева.
Қатысушылар қойылған міндеттерді IT-технологияларды пайдалана отырып, белгілі бір уақыт ішінде шешулері тиіс болатын.
Хакатон алты санат бойынша өткізілді: «ойын әзірлеу», «Arduino робот техникасы», «Web-дизайн», «3D үлгілеу», «Анимация/бейнемонтаж», «Графика». Комиссия 9-11 және 12-15 жас аралығында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді таңдады.
- Интернетте бізге ұсынылған тақырыпта флеш-ойындар өте көп. Бірақ менің негізге алғандарымда шынайылық жетіспеді. Қандай да бір пластмасса және картон қозғалыстары. Мен бұл мәселені түзеп, физиканы, массаны қостым. Жобаны жасап шығуға бізге 4 сағат берілді. Ойын қиын емес, бірақ пайдалы. Оның көмегімен балалар өздерін жүргізуші ретінде сезінеді деп ойлаймын,-дейді № 93 гимназияның 10 сынып оқушысы Бауыржан Талғатов.
Хакатонның жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушылар сертификаттар алды.
Қаланың үздік жас IT-шниктері мен бағдарламалаушылары мамыр өтетін Хакатонның облыстық турына шықты.