
«Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігі ағымдағы жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс жарияланған сайлауға толық қолдау білдіреді.
Шынында да, қазір адамдарға осы маңызды мәселеде айқындық пен анықтық қажет.
Бейбітшілік. Заңдылық. Тұрақтылық. Тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміздің саясатының осы үш құрамдасы елдің табысты дамуының негізі болды.
Үкіметтік емес сектордың өкілдеріне біздің кірістеріміздің айқындылығы мен кепілді сақталуы жағдайында жұмыс жүргізу өте маңызды.
Және де жарияланған кезектен тыс сайлаудың уақыттылылығы күмән тудырмайды. Олар біздің тұрақты болашағымыздың, экономиканың, мәдениеттің, әлеуметтік өмірдің барлық салаларының одан әрі үдемелі дамуының кепілі болып табылады. Сонымен қатар, сайлау өткізу Қазақстанның көшбасшы ретіндегі мәртебесін және Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылық қалпын нығайтады.
Өкінішке орай, соңғы уақытта, халықтың кейбір санаттары Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген белгілі бір шектеулерді ескере отырып, қазіргі уақытта қолданыстағы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттігінің толықтығына байланысты өсек-аянға бейім болып келеді.
Сондықтан, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бағдарламалық құжаттар сайланған заңды билік болған жағдайда ғана бұрынғыдан да ұзақ мерзімді кезеңге табысты жалғасын таба алады. Себебі ауқымды өзгерістерді қысқа уақыт ішінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Біздерге, үкіметтік емес сектордың өкілдері үшін жаңа президенттің келуімен мемлекет пен азаматтық қоғамдастық арасындағы табысты ынтымақтастықтың жалғасуы аса маңызды.
Елбасы бастаған және елдің әрбір тұрғынының игілігі үшін жүзеге асырылатын барлық шаралар жаңадан сайланған Президенттің саясатында да табысты жалғасын табуы тиіс.
Өнімділіктің одан әрі өсуі, жұмыс орындарының ұлғаюы міндетті түрде жалғасуы тиіс!
Алдағы сайлау Елбасының салиқалы саясатының, оның ұлы бастамаларының жалғасы болып, барша Қазақстан халқының сеніі мен қолдауына ие болатынына сенімдіміз!
«Қазақстан Азаматтары»
Қоғамдық бірлестігінің
Директоры
Полтаренко Д. С.