
Біз, Қарағанды облысының медиаторлары 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін толықтай қолдаймыз.
Бізді, психологтарды, аналитиктерді, азаматтардың проблемалық мәселелерімен жұмыс істейтін қоғам қайраткерлерін, эмоционалдық шиеленісті төмендету және қоғамдағы қауіпсіздік сияқты өміріміздің аса маңызды құрамдас бөліктері алаңдатады.
Кез келген белгісіздік екіге айрылып тұрған жол торабы іспеттес. Күту режимі ұзаққа созылмауы тиіс, себебі бұл келеңсіз жағдайларға не болмаса қоғамда негізсіз шиеленістің өсуіне әкелуі мүмкін.
Мемлекет басшысы «жоғарғы билік тұрақты және тыныш жағдайда берілгенін» атап өтті. Бұл тұрақтылықты сақтап қалу оңайға соқпайтынын біз көрші елдердің мысалында көре аламыз.
Қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз ету, жоспарларды құру, әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешу және олар үшін жауапкершілік алу үшін айқындық қажет.
Еліміздің қазіргі Президенті сайлау әділ, ашық, мөлдір болады деп жариялады. Әлемдік үдерістер үлкен қарқынмен дамиды жәнеде қазіргі белгісіздік - біздің еліміз үшін тым қауіпті және негізсіз.
Бұл шешім дер кезінде дана саясаткерлермен қабылданған, біз олардың тәжірибесіне сеніп, біздің барлығымыз үшін өте маңызды мәселені шешуде өзіміздің азаматтық белсенділігімізді көрсетуіміз қажет.
Президенттің кезектен тыс сайлау туралы мәлімдемесін тыңдай отырып, біз оның еш күмән мен белгісіздікке жол бермей, барынша тезірек өтуі керек деген пікірге келдік.
Бұл біз үшін шын мәнінде өзекті шешім, менің ойымша, біздің Елбасы қойған міндеттерге қол жеткізудегі басты қадам болады. Біз оны қолдаймыз.
Қарағанды облысы
Медиация орталықтарының
Басшы
Савицкая Т.