Электр желілеріне қалай қосылуға болады?

Электр желілеріне қалай қосылуға болады?

Үй немесе өндірістік нысанды салу – атқарылған істің тек жартысы ғана. Ең бастысы – инженерлік комуникацияларды қосу. Ең алдымен электр желілерін қосу қажет. Себебі құрылыстың өзі электр қуатысыз өнбейді. Осы секілді коммуникацияларды қосу бұрындары бюрократиялық процесстермен ұзаққа созылып кететін, көптеген күш пен уақытты алатын. Ал бүгінгі таңдаэлектр желілеріне қосылу рәсімі қалай өтеді? Ол жайлы ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Аймақтық департаментінде айтып берді.

- Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үшін қандай процедуралардан өту керек?
- Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үшін тұтынушыларға техникалық шарт алу үшін электр тарататын ұйымдарға немесе аудандық ХҚКО-на өтініш тастау керек, - дейді Қарағанды облысы бойынша АЭҚБК Департаментінің бас маманы Сәкен Сембиев. – Сонан соң жобалық құжаттаманы құрып, оны келісімнен өткузі қажет. Содан кейін құрылыс-монтаж жұмыстарын атқару керек. Тек содан кейін ғана энергиямен қамтамасыз ететін ұйымға барып, элетрмен қамту келісімшарты құрылады.
- Бұл рәсімдер қанша күнге созылады?
- Бүгінгі күні, мысалы, белгіленген қуаты 200 киловатқа дейінгі объектілер үшін құжаттарды ресімдеу мерзімі (техникалық шарттарды алу, энергия беруші ұйымның жобалық шешімдерін келісу, шарт жасасу) 13 жұмыс күнінен аспайды. Сондай-ақ жобаны әзірлеуге және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге жұмсалған уақытты ескеру қажет.
- Электр энергиясы саласында заңнамалық актілерге қандай өзгерістер енгізілді?
- Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу рәсімін жеңілдету және электр энергиясының сапасын жақсарту мақсатында 2015 жылдан бастап ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасы саласындағы заңнамалық актілерге бірқатар өзгерістер енгізді, олар электр желілеріне қосылу процесін жеделдетуге және жеңілдетуге бағытталған. Мысалы, белгіленген қуаты 200 киловатқа дейінгі объектілер үшін тарату компанияларының техникалық шарттарды беру мерзімдері 5 күнге дейін қысқартылды. Үлестіру компанияларының жобаларға келісім беру мерзімі 3 күнге дейін. Пайдалануға беру алдында электр қондырғыларына энергетикалық сараптама жүргізу қажеттілігі алынып тасталды. Сонымен қатар, 2017 жылғы 16 желтоқсанда электр энергиясын есептеу аспаптарын пломбалау және электрмен жабдықтау шартын жасасу рәсімін біріктіруге мүмкіндік беретін электр энергиясын пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Осылайша, тұтынушылар энергиямен жабдықтаушы ұйымға тұтынушы тарапынан қол қойылған құжаттар мен электрмен жабдықтау шартының жобасын береді. Содан кейін энергиямен жабдықтаушы ұйым энергия беруші ұйымға тиісті хабарлама жібереді. Энергия беруші ұйым электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалауды жүргізеді, есепке алу құралын қабылдау актісін ресімдейді, көшірмесін энергиямен жабдықтаушы ұйымға жібереді және кернеуді беруді жүзеге асырады. Бұдан әрі энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға қол қойылған электрмен жабдықтау шартын пошта арқылы немесе өзге тәсілмен жібереді. Бұл ретте шарт жасасудың және кернеуді берудің осы рәсімі 5 жұмыс күнінен аспайды.
- Мемлекет электрмен жабдықтау желілеріне қосу рәсімдерінің жүзеге асырылуын бақылауды қалай жүзеге асырады?
- Электр энергиясын пайдалану ережелері, "Электр энергетикасы туралы" ҚР Заңы секілді нормативтік-құқықтық актілер бар, онда электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібі реттеледі. АЭҚБК департаменті осы нормативтік-құқықтық актілердің орындалуына бақылау жүргізеді. Бұдан басқа, «Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімі», «Doing Business» рейтингінің индикаторларының бірі - 190 елде кәсіпкерлік қызметті 10 индикатор бойынша жүзеге асырудың қарапайымдылығын бағалайтын және бизнесті жүргізудің жеңілдігін айқындайтын Дүниежүзілік банк тобының жыл сайынғы зерттеулері болып табылады. Осы рейтинг шеңберінде электр энергетикасы саласындағы заңнаманың жүргізіліп жатқан реформаларының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды тұтынушылардың кең ауқымына тарату мақсатында Энергетика министрлігі тұрақты негізде жүргізіліп жатқан реформаларды жария ету бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын, сондай-ақ электрмен жабдықтау жүйесіне қосу бөлігінде заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жүргізеді.
- Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімдері бұзылған жағдайда қала және облыс тұрғындарына қайда жүгінуге болады?
- Энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтау желілеріне қосу тәртібін бұзған жағдайда тұтынушылар олардың әрекеттеріне Қарағанды қаласы, Төлепов көшесі, 16, 117 кабинет мекенжайы және 8 (7212) 56-48-41 телефоны бойынша шағымдана алады.
Қарағанды облысы бойынша АЭҚБК департаменті