
Дүниежүзілік Кітап күніне арналған көрме 12 сәуірде Теміртау қаласының өлкетану мұражайында ашылады. Шарада көрермендер назарына ұсынылатын ең ескі жәдігерлер – XIX ғасырдағы қолжазба оқулықтар мен Құран кітабы.
Сондай-ақ, көрмеде Михаил Булгаковтың «Мастер и Маргарита» романының қолдан жасалған көшірмесі. Бұл кітапты Теміртау қаласының тұрғыны 1966—1967 жылдары аталмыш туынды алғаш рет «Москва» журналында жарияланған кезде жинап, түптеген. Ол оны сонымен қатар Надежда Рушеваның суреттерімен безендірген.
Көрмеге келушілер сондай-ақ Кеңес кезіндегі ескі әдебиеттерді де тамашалай алады. Мысалы, тапшылық кезінде бір келі макулатураға айырбастауға болатын ІІХК (НКВД) қызметкерлеріне арналған үгіт басылымдары, құралдар, идеологиялық кітаптар мен томдарты көруге болады.
Экспозицияда қазақ тіліне бейімделген яналифе – латын графикасында жазылған 1935 жылғы Математика оқулығы ұсынылады.
Көрме 26 сәуірге дейін жалғасады.
Ашылуы 12 сәуір сағат 12:00-де.
Ересектерге арналған билеттің құны – 240 теңге, балалар билетінің құны – 80 теңге.