Соқыр өзені арқылы өтетін көпір сәуірдің соңына дейін қалыпқа келтіріледі

Соқыр өзені арқылы өтетін көпір сәуірдің соңына дейін қалыпқа келтіріледі

Фёдоров саяжайларына апаратын көпір осыдан екі апта бұрын су тасқыны кезінде бұзылған. «Наука» саяжайлар бірлестігінің төрайымы Любовь Рыбина Қарағанды облысы әкімінің жеке қабылдауына келіп, бұл көпірді қалпына келтіруін өтінген болатын. Лобовь Рыбинаның айтуынша, Соқыр өзені арқылы өтетін бұл көпірсіз бақшашылар өздерінің учаскелеріне өте алмай қалады екен. Сондай-ақ ол саяжайларға баратын жолдардың нашарлығына қатысты шағым айтты.
- Шұңқырларды біз бітейміз, сонан соң үстінен грейдермен басып өтеміз. Жолдарыңыз жақсы болады. Көпірді де қалпына келтіреміз. Бұл жұмыстардың барлығын мамырдың басына дейін аяқтаймыз. Мен өзім сізге көмек көрсетуге уәде беремін. Кез келген уақытта келіңіз, - деді аймақ басшысы.
Қазіргі таңда өзеннің арнасын тазарту жұмыстары жалғасуда. Бұл келешекте өзеннің ернеуінен шығып, көпірді шайып кетуіне жол бермейді. Жеті шақырым аумақтың осы күнге дейін төрт шақырымы тазартылып болды. Бұл жұмыстар маусымға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Саяжайларға апаратын жолдың бойында қоқыс тастауға арналған қоршалған арнайы орындар қарастырылатын болады. Сондай-ақ Ерлан Қошановтың жеке қабылдауында қарағандылық Лидия Блюзниченко қаламызда Ұлы Отан Соғысы жылдары жетім қалған балаларға ескерткіш орнату бастамасы жайлы айтып берді. Аталмыш нысан демеушілер қаражатына тұрғызылады деп болжалануда. Өңір басшысы ескерткішті орнатуға рұқсат алу үшін қалалық құрылыс кеңесіне баруды ұсынды.
Ерлан Қошанов азаматтарды екі күн аралығында. Келушілер облыс әкіміне әлеуметтік және коммуналдық мәселелерге қатысты түрлі мәселелерін ортаға салды.