Қарағандыда «Үздік аула, белсенді тұрғындар» акциясы өтеді

Қарағандыда «Үздік аула, белсенді тұрғындар» акциясы өтеді

Құрметті Октябрь ауданының тұрғындары! «Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімдігінің аппараты» ММ «Үздік аула, белсенді тұрғындар» байқауы өтетінін жариялайды.
Байқау ағымдағы жылдың 13-ші сәуірінен 8-ші маусымына дейін жалғасады.
Байқау қорытындысы бойынша ең таза аулаға және белсенді тұрғындарға балаларға арналған ойын алаңы сыйға тартылады.
Байқау Пришахтинск, Майқұдық және Сұрыптау шағын аудандарында өтеді.
Байқау соңында үш жеңімпаз анықталады. Сайысты қорытындылау ағымдағы жылдың 28-ші маусымында өтеді.
Жасалып жатқан жұмыстардың нәтижелері және тұрғындардың тазалық шарасына қатысуы туралы түсірілген фото және бейнелерді келесі WhatsApp нөміріне жолдау керек — 877026829519.