Экономикалық тергеу қызметі Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті болып қайта құрылды

Экономикалық тергеу қызметі Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті болып қайта құрылды

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік кірістер департаменттерінің Экономикалық тергеу қызметтері барлық өңірлерде ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу жекелеген департаменттері болып қайта құрылды.

Бұл ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 387 және 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 920 қаулысына сәйкес жүзеге асырылып отыр.

Қазіргі уақытта экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды тергеу және анықтау жөніндегі атқарымдарды Экономикалық тергеу Департаменттері жүргізеді.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті 2019 жылдың 6-шы наурызында әділет органдарында тіркелді. Ол Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның қарауына жатқызылған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі функцияларды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды өз құзыреті шегінде орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық органы болып табылады.

Экономикалық тергеу департаментінің дұрыс және нақты жұмыс істеуі мақсатында экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды тергеу және анықтау бойынша 1 әкімшілік бөлім және 5 көпфункционалды бөлімше құрылды.

Осыған байланысты, экономикалық құқық бұзушылықтың барлық фактілері туралы азаматтар тікелей Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне мына мекен-жай бойынша хабарлай алады: Қарағанды қаласы, Богдан Хмельницкий көшесі, 14 үй, тел.: 8 (7212) 560340. Сенім телефоны 8 (7212) 567000.