
11 сәуірде "Jastar Alańy" коворкинг-орталығында "Qazaq CLUB"жастар клубының отырысы өтті. Шараға екі қарағандылық колледжден 20 студент қатысты.
Отырыс қазақ тілінің латын графикасына көшуіне арналды. Қатысушылар латын әліпбиімен танысып, ұйымдастырушылар олардың назарына тұсаукесерлер, бейнероликтер, зияткерлік ойындар ұсынды.
Сондай-ақ студенттер Қуандық Рахымның "Мен қазақпын" әнін латын субтитрлерімен караокеде шырқап, жаңа сөздерді оқыды. Қатысушылардың айтуынша, бұл іс-шара оларды қазақ тілін одан әрі оқуға шабыттандырған.