12 сәуір күні бүкіл әлем Халықаралық ғарышкерлер күнін - адамның ғарышқа алғашқы ұшуына арналған еске алу күнін атап өтеді. Ғарышкерлер күніне арналған іс-шаралар Қарағанды облысының мұражайлары мен мектептерінде өтуде.
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында кішкентай көрермендерге арналған «Ғарышты бағындырушылар» атты квест-ойын ұйымдастырылды.
Осы ойын кезінде балалар ғылыми қызметкер және кейіпкер-инопланетяндармен бірге картадан жоғалған ғарыш кемесін іздейді. Белгіленген бағыт бойынша жүріп, олар әр түрлі тапсырмаларды орындап, жұмбақтар мен викториналарды шешеді, кеменің бөліктері бар пазлдарды және зымыранның ұшуына арналған отын-шарларды жинайды. Ғарыш кемесі табылғаны үшін өзге планета өкілі алғыс ретінде ұшар алдында барлық қатысушыларға ғарыштық конфеттермен сыйлайды.
Бұл танымдық квестті мұражай қызметкерлері мектепке дейінгі балалар мен кіші сынып оқушылары үшін ойлап тапты. Ойын сәуір айының соңына дейін өтеді. Барлық мектептер мен балабақшалар қатысуға өтінім бере алады. 12 сәуір Ғарышкерлер күні мұражайға 38 гимназияның екінші сынып оқушылары келді. Ойын оларға өте ұнады.
- Біз зымыраннан, отыннан және метеориттен қосалқы бөлшектер жинадық. Ойын үш кезеңнен тұрды, маған ғарыш залында болған бөлім ұнады. Онда бізге халықаралық ғарыш станциясын, зымырандарды, планеталар мен ғарыштық тағамдарды көрсетті. Өте қызықты болды, - деді екінші сынып оқушысы Арсений Гудков.
- Мен бүгін ғарышкер туралы, біздің ғарышкерлер туралы, сондай-ақ біздің қала туралы көптеген қызықты мәліметтерді білдім, - дейді Максим Ступин.
Сонымен қатар оқушыларға "Ғарыш: Уақыт аралығындағы саяхат" атты көрме көрсетілді. Онда мұражай қорынан алынған жәдігерлер назарға ұсынылған. Мұнда ғарышкерлердің қонатын жерлері белгіленген кітаптар, фотосуреттер, карталарды көріп, ұшу уақытын білуге болады. Сондай-ақ маркалардың, сіріңке қорапшаларының, монеталардың және белгілердің тақырыптық топтамалары келтірілген.
- Сондай-ақ мұнда тюбиктердегі ғарыштық тамақ бар. Оны бізге Королев атындағы космонавтика мұражайы сыйға тартты. Бұрын космонавтика тақырыбы өте танымал болды, оның ішінде театрда да. 1980 жылы орыс драма театры "Қону ауданы белгісіз" спектаклін көрсеткен. Бұл спектакльде қолданылған костюмдердің бірін осы көрмеден көруге болады. Сонымен қатар, біздің мұражайда ғарыш тақырыбындағы нумизматика және филателия заттары бар. Бұл топтамалық белгілер мен маркалар. Әрине, көрменің бірегей жәдігері - 2014 жылы ғарыш орбитасында болып қайтқан қаламыздың елтаңбасы тас туы. Онда экипаждың барлық мүшелерінің қолтаңбалары бар. Бұл байрақты Қарағандының 80 жылдығына тарту етіп, кейін біздің музейге тапсырды, - дейді қазіргі заман тарихы бөлімінің қызметкері Динара Сақымбай.
Теміртау өлкетану мұражайында осы күндері "Қарағанды-ғарыш айлағы" интерактивті-танымдық бағдарламасы ұйымдастырылды. Ол орта және жоғары буын оқушылары мен колледж студенттеріне арналған.
Келушілерге Циолковский, Королев, жасанды серіктер, Ғарыш, Тохтар Әубәкіров, Айдын Аимбетов туралы, "МИР" ғарыш станциясы және басқа да көптеген нысандар туралы мағлұматтар айтып беріледі. Мұражайдың әрбір секциясында келушілерді тапсырмалары бар "қара жәшік" күтіп тұрады. Ол жәшіктердің бірінде гайкаларды бұрау керек болады. Мұндай тапсырманы мұражай қызметкерлері бекерден таңдаған жоқ - Юрий Гагарин алғаш рет ғарышқа ұшқан кезде, оның люгі тығыз жабылмағандықтан оған гайкаларды өз қолымен айналдыруға тура келген.
Сондай-ақ қатысушылар скафандр мен гермошлемді киіп, тіпті киім-кешекті шешпей, түтікше арқылы су ішуге тырысады.
Бұл бағдарлама 20 сәуірге дейін жалғасады. Интерактивті ойынға келесі телефон арқылы жазылуға болады: +7 (7213) 93-19-05, +7 (7213) 93-19-05. Ересектерге арналған билет құны – 240 теңге, балалар билетінің құны - 80 теңге.
Қарағанды облысының мектептерінде "Ғарыш бала көзімен" балалар суреттерінің көрмесі; "Болашақ ғарышкерлер" спорттық іс – шаралары; "Қарағанды-ғарыш айлағы", "Марста да да алма ағашы гүлдейді" тақырыптарында эссе байқауы; "Қазақстанның ғарышты игеруге қосқан үлесі", "Қазақстан Ғарыштық держава" сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Өңіріміздің колледждерінде "Ғарыш одиссеясы" стендтік тұсаукесерлер, "Ғалыштағы өмірдің қызықты деректері" ақпарат күні және спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
№101 мектеп-лицейінде 7-8 сынып оқушылары үшін "Мектептегі авиамоделдеу сабағынан ұшқышқа дейін" атты шеберлік-сынып ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары үшін жылжымалы карта бойынша шеберлік-сыныптар, ал бесінші сынып оқушылары үшін "алтыншы элемент" квесті дайындалды.