Қарағанды қаласы білім бөлімінің жаңа басшысы болып Гүлсім Қожахметова тағайындалды.
Гүлсім Шабданқызы Қожахметова 1971 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Жезқазған педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1991 жылы Сәтбаев қаласындағы №19 орта мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып бастады. 1992 жылдан 2006 жылға дейін осы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2006 жылдан 2012 жылға дейін Сәтбаев қалалық білім бөлімінде әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2012 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директоры болды.