Теміртауда, Тұңғыш Президент тариxи-мәдени орталығында 16-шы сәуірде «Елін сүйген Елбасы» фотокөрмесі өтті. Суреттерді тамашалауға қалалық мектептердің оқушылары келді.
Экскурсия кезінде оқушылар Орталыққа ҚР Президенті Іс Басқармасы ұсынған жаңа жәдігерлерді де тамашалай алды. Экспозицияда Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке заттары, сонымен қатар ресми тұлғалардың сыйлықтары келтірілген. Олардың қатарында Владимир Путин сыйға тартқан Ресей ауыл шаруашылығының 12 томдық энциклопедиясы, ҚХР Төрағасы Си Цзинпиннің сыйы, Иманғали Тасмағамбетовтың сыйлаған ҚР Конституциясының тартулық басылымы, олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың велосипеді.
Балалар сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президентінің қызметтік көліктер паркінде болған «Мерседес Бенц S600L» автокөлігін де көрді. Бұл Елбасының жұмыс сапарлары кезінде жүрген көліктердің бірі.
Маңызды құжаттар, көне суреттер, миниатюрадағы фабрикалар мен құрастырылған зауыттар және тағы басқа да жәдігерлерге көрермендер үлкен қызығушылық танытты. Экскурсия оқушыларға Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі, ел Тәуелсіздігі, қазіргі Қазақстан және мемлекет тарихындағы маңызды оқиғалар туралы мәліметтер алуға көп септігін тигізді.