
Алдағы жазда Қарағандының орталық саябағында жылжымалы сөрелермен балмұздақ және тәтті мақта сату үшін 39 орын бөлінетін болады. Кәсіпкерлер өз өтініштерін бере алады. Олар 20-24 сәуір аралығында қаралады.
Бұрын саябақта сауда жасаған және мемлекеттік мекемелер тарапынан ешқандай айыппұлдары жоқ саудагерлерге басымдықтар беріледі. Сонымен қатар жылжымалы сөрені біріңғай бекітілген стильде рәсімдеу қажет. Оның үлгісі мен толық түсініктемесін park-kulture-krg.kz сайтындағы «Кәсіпкерлер үшін ақпарат» бөлімінен тауап алуға болады.
Барлық жылжымалы сөрелер электр қуатымен қамтамасыз етілетін болады.
Сайысқа қатысу үшін кәсіпкерлер өз өтініштерін park.ekaraganda.kz сілтемесі бойынша бере алады.