
Қарағанды облысының Статистика департаменті кітапханалар мен оларға тіркелген оқырмандар туралы мәліметтерді жариялады.
Барлығы өңірде 322 қоғамдық кітапхана жұмыс істейді. Олардың біреуі – ғылыми, біреуі – арнайы, қалғандары әмбебап баршаға қолжетімді.
Жалпы кітапхана қорының 93.3 % кітаптардан тұрады. Қалған бөлігі газет пен журналдардан (, 5.2%,) және электронды аудио әрі бейне басылымдардан (1.5%) тұрады.
Аймақтың жалпы кітап қорының 22% Қарағандыда сақталған, бұл – 1.4 млн. басылым. Аудандар арасында осы көрсеткіш бойынша қарқаралы көшбастап тұр, онда облыстық қордың 9% орналасқан.
2018 жылы облыс кітапханаларына 387 800 оқырман тіркелген, оның 124 600 балалар.
Келушілер саны 2018 жылы 4,4 млн. құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғнада 1,1% аз. Ақпараттарды алу үшін кітапхана сайттарының қызметіне 766300 қолданушы жүгінген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,4% артық.
stat.gov.kz ақпараты бойынша