Гүлшара Әбдіқалықова және Бердібек Сапарбаев Жезқазған тұрғындарымен кездесті

Гүлшара Әбдіқалықова және Бердібек Сапарбаев Жезқазған тұрғындарымен кездесті

Қарағанды облысына іс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен Еңбек және әлеуметтік қолдау министрі Бердібек Сапарбаев Жезқазғанда азаматтарды қабылдау өткізді. Тұрғындар кездесуде әлеуметтік сала, білім және денсаулық мәселелеріне қатысты сұрақтарын қойды.
Қабылдауға келушілердің қатарында көпбалалы ана Гүлмира Аманжолова долды. Оның екі үлкен балалары – студенттер. ЖОО ақысын төлеу бұл отбасыға қиынға соғуда. Сондықтан бес баланың анасы университеттегі оқу ақысын 50% жеңілдікпен өтеуге көмектесуді өтінді. Гүлшара Әбдіқалықова бұл мәселені демеушілерді жұмылдыра отырып шешуді Жезқазған әкімі Қайрат Бегімовке тапсырды.
Жезқазған тұрғыны ғазиз Ештанаев жергілікті мектептерде кадрлар тапшылығы мәселесін көтерді. Және де бұл проблеманы шешу үшін Байқоңыров атындағы университетте оқитын болашақ педагогтерге арнайы грант бөлуді ұсынды.
Бұған қоса қабылдауға келушілер мүгедектерге арналған емдік оңалту туралы сұрақтар қойды. Осы сұрақтардың барлығына қатысты Гүлшара Әбдіқалықова жергілікті билік өкілдеріне тапсырмалар берді.
Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жезқазған қаласының тұрғындарында қонақта болып қайтты. Жуырда мұнда көпбалалы отбасы меценаттар сыйға тартқан жаңа пәтерге көшкен. Сегіз баланың анасы Гүлбану Нұрмағамбетова осындай сыйлық үшін үлкен алғысын білдірді.
- Мен еліміздің Президентіне, облыс басшыларына, мен конвейер машинисі болып жұмыс істеп жатқан «Қазақмыс» кәсіпорнының басшылығына рахмет айтқым келеді. Аллаға шүкір, тауып жатқан жалақым балаларымды асырауға жетеді. Алайда өзіміздің баспанамыз болады деп армандағанымызбен, біз үшін керемет тосын сый болды. Бақытымызда шек жоқ. Жаңа пәтеріміз кең, мұнда тіпті бізге жөндеу жасап, барлық жиһазды жаңадан алып берді, - дейді Гүлбану Нұрмағамбетова.