Абайда еңбек сіңірген жаттықтырушы Андрей Райшқа мемориалдық тақта ашылды

Абайда еңбек сіңірген жаттықтырушы Андрей Райшқа мемориалдық тақта ашылды

Абай ауданының Құрметті азаматы, бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушы Андрей Райшқа мемориалдық тақта Абай қаласының БЖСМ ғимаратында орнатылды.

– Андрей Богданович күндердің соңына дейін өз ісіне адал болды. Ешқашан өмірдің қиындықтарына мойымады және нақты қойылған мақсаттарға бет бұрды. Бірінші кезекте БЖСМ барлық спортшылары мемориалдық тақтаға қарап, жаттықтырушыны еске алып, ол сияқты өз мақсаттарына нақты қадам жасап, ешқашан тайсалмаганың қалаймын. Өзінің көптеген марапаттарының арасынан ол Абай ауданының Құрметті азаматы атағын ерекше көретін. Бірақ өз оқушыларының алғысын одан да жоғары қоятын, – деді жаттықтырушының шөбересі Александр Кузнецов.

Андрей Райш – Абай ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің негізін қалаушы. Ол атақты боксшылардың саңлақтарын тәрбиелеп шығарды, олардың ішінде Олег Маскаев, Серік Нурказов, Александр Стрельников, Юрий Левичев, Александр Головченков, Валентин Юнусов, Виктор Супрун, Руслан Тушиев, Мансур Гайнуллин және басқалары бар. Оның жұлдызды «немерелері» деп Борис Кривулин мен Серік Сапиевті атауға болады.

Сондай-ақ, бұл күні қалада Абай ауданының Құрметті азаматы және Абайдың қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан аудан мемлекеттік мұрағатының бірінші директоры Жұманияз Әбішевке арналған мемориалдық тақта ашылды. Ол қала әкімдігінің ғимаратына орнатылды.