ҚарМТУ-да диалогтік алаң форматында ЖОО күні атап өтілді

ҚарМТУ-да диалогтік алаң форматында ЖОО күні атап өтілді

ҚарМТУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы: жоспарлар мен іске асыру келешегін талдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара жоғары оқу орындары күніне орайластырылып, диалог алаңы форматында өтті.
Іс-шараға Қарағанды облысының алты ЖОО өкілдері мен ҚарМТУ оқытушылары және студенттері қатысты. Модератор ретінде Қарағанды облысының «Рухани жаңғыру» АЖК бас менеджері Серік Санаубаев сөз сөйледі. Оның айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске қосылғаннан бері екі жыл аралығында өңір тұрғындарынан көптеген ұсыныстар мен идеялар келіп түскен. Осы бастамалардың басым бөлігі іске асырылды.
- 2017 жылы біз 11 жобаны жүзеге асырдық. Олардың қатарында «Би мен шешендеріміздің мұрасы» атты жоба да бар. Бұл идеяның Бақытқали Мұсабеков ортаға салды. Біз оны облыс бойынша жүзеге асыра бастадық. Сондай-ақ біз ЖОО күнін белгіледік - бұл студенттердің ұсынған бастамасы, - деді Серік Санаубаев.
Дөңгелек үстелде ЖОО өкілдері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы оқу орындарында қалай жүзеге асырылатыны жайлы атып берді.
- Біздің университетте зерттеу жұмыстарынан бастап үлкен форумдарға дейін түрлі шаралар өткізіледі. Студенттер үшін біз стартап-жобалар, хакатон байқауларын ұйымдастырамыз, - дейді Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Әсем Арқарбаева.
Диалог алаңының қатысушылары атап өткендей, Қарағанды облысының барлық жоғары оқу орындары бағдарламаны жүзеге асыруға белсенді түрде кірісуде. Олардың барлығында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңселері құрылған. Ендігі кезекте барлық жақтар әрі қарай бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.
- Биылғы жыл Жастар жылы деп жарияланды және бұл біздің ең басты күшіміз. Қазақстанның болашағы жастардың қолында. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ұзақ мерзімді болып табылады. Оның дамуына біз барлығымыз бірігіп күш салуымыз қажет. Диалог алаңында біз бағдарламаны жүзеге асыру жоспарын талқыладық, ЖОО-дар өзара тәжірибе алмасты. Кездесуге қатысушылар осында жинаған мәліметтерді жастармен жұмыс жүргізу барысында пайдалана алады, - деп атап өтті кездесуді қорытындылай келе, Елбасының курстасы, профессор, ҚарМТУ-дың рухани-адамгершілік тәрбие жөніндегі кеңесінің төрағасы Қайролла Қызылов.