Қарағандылықтар Кореяда өткен халықаралық фестивальде Қазақстан намысын қорғады

Қарағандылықтар Кореяда өткен халықаралық фестивальде Қазақстан намысын қорғады

Қарағанды қаласының «Мунунгхва» ансамблі «Корей диаспорасы. Ұлы жол» атты этникалық кәсіртердің халықаралық фестивалінде өнер көрсетті. Корея Республикасының Кенгидо провинциясында тәуелсіздік үшін Бірінші партиялық қозғалыстың 100 жылдығы атап өтілді.
Мерейтой құрметіне кездесуге Жапония, Ресей, Өзбекстан және т.б. елдерінен делегациялар жиналды.
Бірлестік жетекшісі Лилия Кимнің айтуынша, ансамбль этникалық отанына 15 адамнан құралған үлкен құраммен алғаш рет барған екен. Фестиваль сахнасында қарағандылықтар би билеп, ұлттық аспаптарда ойнап, көрермендер назарына 6 нөмір ұсынған.
Сапардан оралған жас әртістерді Достық Үйінде құрметпен қарсы алды.
- Біз сіздерді табысты өнер көрсетіп қайтқандарыңызбен құттықтаймыз. Сіздерден алшақ болсақ та, көңіліміз бірге болды, барлықтарыңызға сәттілік тілеп отырдық. Әлеуметтік желілердің арқасында сіздермен бірге виртуалды түрде этноауылдарда жүріп, кәріс тағамдарымен, салт-дәстүрлерімен таныстық, - деді Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын. - Биыл 30 жылдығын атап өтетін Корей орталығы облыс өміріне белсенді қатысуда.
Лилия Ким ансамбль қатысушыларына алғысын білдірді.
- Сіздерге осындай маңызды фестивальде Қазақстанды таныстыру құрметі бұйырды. Сонымен қатар, бұл үлкен жауапкершілік. Фестивальде айтылған пікірлерге сүйенсек, Қарағанды бағдарламасы барлығына ұнады. Сіздер әлемге біздің көпұлтты Қазақстанда әр түрлі халықтардың мәдениеті сақталып, дамып келе жатқанын көрсете алдыңыздар. «Мунунгхва» ансамблі интернационалды болып табылады. Мұнда тек кәрістер ғана емес, қазақтар да, орыс, украиндар, немістермен аралас метистер – кәрістер де көп, - деп атап өтті этно-бірлестік төрайымы.
Фестиваль қатысушылары әсерлерімен бөлісті. Олар ұлттық тарихпен және дәстүрлермен жақынырақ танысып, корей тілін үйреніп алды. Сапар барысында балалар Корея Президентінің резиденциясына, Сеул қаласының оңтүстік жағалауындағы биіктігі 555 метр "Lotte World Tower" мұнарасына және этноауылда болып қайтты.